Басты мақсат – халықтың бірлігін арттыру, мұқтаж жандарға көмек беру

Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу” жобасының негізгі мақсаты – халықтың бірлігін арттыру, мұқтаж жандарға көмек қолын созу.
«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша ауданда 2020 жылы 8 тұрғын үй, 2021 жылы 9 тұрғын үй, 2022 жылы 12 тұрғын үй, жалпы жоба басталғалы 29 отбасы баспанамен қамтылды.
Биылғы жылы 8 отбасының құрылысына көмек көрсету жоспарланған. Олардың ішінде 1 жаңа құрылыс, 7 қайта күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бар.
Атап айтсақ, жаңа құрылыс Жаңатас қаласында, ал, күрделі жөндеу Тоғызкент, Саудакент, Игілік, Жайылма, Ұйым, Әшір Бүркітбаев, Ұ.Сыздықбайұлы ауылдарында жүргізілу жоспарланды.
Республика күні қарсаңында Әшір Бүркітбаев, Игілік және Тоғызкент ауылдарындағы үйлер пайдалануға берілді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жайылма, Ұйым, Ақтоғай ауылдарындағы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланып отыр.
Баспаналар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің, шаруа қожалық иелерінің, жекелеген азаматтардың ықпал етуімен, көмек қолдарын созуымен бой көтеріп, мұқтаж жандарға табысталатын болады.
Жауапты мекемелер тарапынан аталмыш жобаны бақылау мақсатында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, бақылау, мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.