Гүлбарам Сейфуллинаның өтініш хаты
Гүлбарам (Гүлбаһрам) Батырбекқызы Сәкен ұсталғаннан кейін нендей күйге түсті, оны қалай іздеді, жоқтады, ақталу процесіне қанша үлес қосты.
Сәкеннің аяулы жары, азамат жоқтаушысы, шаңырағын сақтаушы Гүлбаһрамның қалың әлеумет таныған келбетін көрсете кетсек, жалғыз зобалаң кезеңдегі ғана емес, бүкіл біздің күйкі тұрмысымыздағы қажырлы азаматты танығандай боламыз.
Осы қажымас қайсарлығының арқасында, басына қауіп төніп тұрса да Сәкенді іздеуден танбады. Сіздердің назарларыңызда КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.А. Булганин мен КСРО Бас прокуроры Руденконың атына берген өтініші. Бұл өтініште Г.Сейфуллина Сәкен Сейфуллиннің қайда және не үшін қамауда отырғанын анықтауды сұрайды. Мұражайға бұл хатты 1989 жылы профессор, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішев тапсырған.
Дарынды жазушының өмірін толығырақ білгілеріңіз келсе мұражайдың қонағы болуға шақырамыз!