КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері, тиісті мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы Марат Дәулен, Жаңатас көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Қойлыбекова және Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Ержан Көлбаев хабарлама жасады.
Хабарламашыларды тыңдаған комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты қарап, комиссия мүшелерінің және жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Маратұлы қорытындылады.