“ТҮСІМЕ ЖИІ МЫҢБҰЛАҚ КІРЕДІ” кезекті әдеби сағаты өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы 2023 жылы жазушы Шерхан Мұртазаның шығармаларын кеңінен өскелең ұрпақ арасында оқытуды, жазушы өнегесін насихаттауды қолға алып, орталық сақтауындағы жеке заттарымен, жеке архивіндегі фотоқұжаттармен көшпелі көрмелер ұйымдастыра отырып, “Түсіме жиі Мыңбұлақ кіреді” әдеби сағаттар легін өткізуде.
Жыл басынан бері облыс көлемінде жиырмаға жуық мектеппен байланыса отырып, әдеби сағаттарда жазушы шығармалары бойынша пікір алмасу, шығармалардан үзінділер жаттау, кейіпкерлерге талдау жасалды.
Бүгінгі кезекті әдеби сағаты — Тараз қаласындағы #34 орта мектептің кітапхана меңгерушісі А.Қалиевамен бірлесе отырып, қалалық мектеп кітапханашыларымен өтті.
Іс-шарада мекеме қызметкерлері Н.Қожамарова, Е.Қамбатыров, Ф.Метеркулова жазушы мұралары, тағылымы турасында баян етсе, ақын Д.Апбасов жырдан шашу шашты.
Іс-шараны мектеп директоры Д.Нуралиева ашып, соңын “Өрлеу” ұлттық біліктілік арттыру орталығының маманы Ф.Кулен сергітпе әдісін жасаумен қорытыедылады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары оқыған шығармаларынан үзінді оқып, Шерхан шығармашылығына арнаулармен жырлары жатқа айтты. Туған жер, отан тақырыбындағы әсем әндер де айтылды.
Іс-шара ел тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шаралардың бірі болды.