БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Варшава келісім ұйымы 1955 жылы құрылған. Достық, әріптестік және өзара көмек жөнінде Албания, Болгария, Мажарстан, ГДР, Польша, Румыния, Чехославакия, СССР арасында Варшава келісімі негізінде құрылған әскери-саяси Одаққа қатысушы елдердің Қарулы Күштерінің саны 6 435 900 адамды құрады. 1989-1990 жылдардағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Еуропадағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерден кейін 1991 жылдың шілдесінде одақ таратылды.
Осы одақтың әскери құрамында кеңестік дәуір кезеңінде мыңдаған қазақстандық жастар қызмет етті. Осы әскери одақта қызмет еткен жауынгерлер «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігін құрған болатын. Бірлестіктің аудандарда, облыстарда филиалдары құрылды. Осы аптада аталған бірлестіктің ауданымызда филиалы ашылып, оның төрағасы сайланды. Филиалдың мақсаты жастарды патриотизм, адамгершілік, отанға деген сүйіспеншілік, интернационализм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.
Аталған бірлестіктің ауданымыздағы филиалының ашылуына орай аудандық мәслихатта арнайы жиын өткізіліп бірлестік мүшелеріне мүшелік куәліктері тапсырылып, филиал төрағасы сайланды. Жиынға қатысушылар филиал төрағалығына Болат Сағындықовты сайлады.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ,
«Мойынқұм таңы».