АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жыл сайын елімізде күз мезгілінің үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылық қызметкерлер күні аталып өтіледі.
Бұл мерекенің сары күздің соңғы күндеріне қойылуы да тектен-тек емес. Өйткені жыл бойына еңбекпен табылған жемістің қорытындысы көрсетіліп, еңбек адамдарының да жұмыстары бағаланады. Олардың мерейлері тасып, еңбекке деген ынтасы артып, құлшыныс көбейеді, әрі өзгелерге үлгі болады. Осыған орай, аудан орталығындағы Абылай хан атындағы орталық алаң жанындағы белгіленген сауда орынында сейсенбікүні «АйдарлыАгро-2019», «Байбарақ Агро», «Биназар Агро», «Көкжелек Агро», «Күшаман Агро», «Тұлпар», «Талды-Өзек», «Алмат-2023» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің техникаларынан құралған ауылшаруашылық техникаларының көрмесі мен ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті. «Үркер», «Нұр», «Сұлтан» шаруа қожалықтары нарықтағы бағадан 35- 40 пайыз төмендетілген бағамен сиыр, қой еттерін сатты. Оған қоса мәдениет үйінің фоесінде ауылшаруашылық күніне арналған көрме ұйымдастырылды. Сол күні аудандық мәдениет үйінің үлкен залында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға жиналғандарды құттықтау сөзі аудан әкімі Әлихан Балқыбековке берілді. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді сонымен қатар ауыл шаруашылығының өркендеуін тілге тиек етіп, экономикалық өсімді тізбектеп өтті. –Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласындағы шоқтығы биік өңірдің бірі. Олай деуімізге өңіріміздің осы саладағы серпінді жұмыстары айқын дәлел. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан еңбеккерлерге мол мүмкіндіктер жасалуда. Мысалы ауданымыздан 2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 6 бірдей ауылдық округтер енгізіліп, 2500 бас мал сатып алынса, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері 236,0 млн.теңгеге 25 дана жаңа техникалар мен қосалқы тіркемелер алды. Одан бөлек өңіріміздегі егістік жерлерді пайдалану көрсеткіші жыл санап артып келеді, деп атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының дамуына, ауданның экономикалық және әлеуметтік саласының өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматтарды атаулы күнге орай марапаттап, медаль мен Алғыс хаттар табыс етті. Атап айтқанда, Жамбыл облысының мал шаруашылығы саласы бойынша «Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі – 2023» номинациясында 3 орын иеленген «Байбарақ Агро» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Темірбеков Әділхан Зейтайұлы марапатталды. Аудан әкімі марапатқа қосымша ұнтақтағыш сыйға тартты. Еңбек ардагерлері Оспанбай Ибраев, Райқұл Қалқабаевтар Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Еңбек ардагерлері Клара Шәріпбаева, Саин Жұмабаев, Қалдықұл Сырымбетов, Мойынқұм құс шаруашылығының жетекшісі Батырхан Тайбағаров, «Әлия» шаруа қожалығының жетекшісі Уалихан Мақұшев, «Мұхтар» шаруа қожалығының жетекшісі Мұхтар Мұқашев, «Күшаман Агро» ауыл шаруашылық кооперативінің төрағасы Кеңесбай Сарбасов, «Казавиаорманқорғау» Жамбыл авиациалык бөлімінің басшысы Бекзат Байшалов, «Айдос» шаруа қожалығының жетекшісі Мұхан Мұсатаев, «Бәтеке» шаруа қожалығының жетекшісі Алмабек Абдыхалықов, «Шоман» шаруа қожалығының жетекшісі Айтбай Шәріпбаевтар «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, «Даулетбай» шаруа қожалығының жетекшісі Гамлет Райымқұлов, аудандық ветеринариялық станциясының мал дәрігері Мақсат Ерболов, аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Ләйлә Шайдахмет, Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің автокөлік жүргізуші Нарбас Манасов, Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің трактор жүргізушісі Мұратәлі Мырзабеков, №18 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Жансерік Сатыбалды, «Нұра» шаруа қожалығының жетекшісі Нұра Бозшаловтар аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Содан соң, еңбек ардагері Кусен Арлизов, «Сұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі Ержанат Отарбаев, Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің трактор жүргізушілері Бекболат Қалқабаев, Тоқпанбетов Мадияр, «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі Қасым Ахметов, Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері Жәнібек Көшеков, «Нұрғиса» шаруа қожалығының жетекшісі Біржан Арғынбеков, «Еркебұлан» шаруа қожалығының жетекшісі Ғабидат Құрманалиев, «Бихан» шаруа қожалығының жетекшісі Бихан Сеймолдаев, «Мұрат» шаруа қожалығының жетекшісі МұратКөдеков, «Фархат» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Асқаров, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі Ерлан Сейткерімов, «Мұхит» шаруа қожалығының мүшесі Шалқар Тілеужанов, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрсұлтан Өтелбай, «Нұрдәулет» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Әбілхаев, «Мирас» шаруа қожалығының жетекшісі Жандос Шіркеев, «Ерлан» шаруа қожалығының жетекшісі Ерлан Төлендиев, «Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі Мейірбек Шынжарбеков, №18 өрт сөндіру бөлімінің өтсөндіруші-құтқарушысыНұрболат Егемқұлдар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Оған қоса аудан әкімі ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».