Жамбыл облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылған кезекті оныншы сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның есебі тыңдалды. 2024 жылға бюджет 578 миллиард теңге сомасында жоспарланған. Бұл осы жылға жоспарланған қаржыдан 4 пайызға артық.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар атқарған жұмыстар нәтижесінде 2024 жылы Жамбыл облысына республикалық бюджеттен 512,8 млрд.теңге сомасында қаржы бөлу қарастырылған, бұл 2023 жылғы нақтыланған сомадан 3 пайызға артық.
Биыл нысаналы трансферттері бойынша 20,1 млрд. теңге бөлінді.
Атап айтсақ, білім беру саласына – 11,3 млрд. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 1,7 млрд. теңге, денсаулық саласына – 615,0 млн. теңге, ветеринария саласына – 866,0 млн. теңге, аудан әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге – 209,0 млн. теңге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорын сатып алуға – 4,7 млрд. теңге, табиғат қорғау және арнаулы мекемелер қызметкерлерінің жалақысын арттыруға – 596,2 млн. теңге, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз етуге –127,1 млн. теңге, Облыстың келесі өзекті мәселелерін шешуге 66,3 млрд. теңге. Өзге де салаларға тиісті қаржы қаралды.