Сарысуда тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларға көмек берілді
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов Жаңатас қаласындағы тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларға арнайы барып, жағдайымен танысты. Өрттің салдарынан жапсарлас соғылған қос үйдің шатыры өртеніп, қысқы маусымда тұру мүмкін еместігі анықталып отыр.
Аудан басшысы қиын жағдайға тап болған отбасыларға әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты. Бір отбасы балаларының қолына баратын болса, алты баласы бар Асқар есімді азаматты қыстап шыққанға баспанамен қамтамасыз етті.
Дер кезінде шара қолданып, уақытша пәтерге орналасқан қала тұрғыны әкімдікке ризашылығын жеткізді.