Сенің үйіңдегі сүйіспеншілік – өміріңнің негізі
1.Ескеріп жүр: ұлы махаббат пен аты-шулы жетістіктің астарында зор тәуекел тұр.
- Жеңіліп тұрып: алған сабағыңды түйіп қой.
- Өзіңді сыйла: өзгені сыйла, барлық әрекетіңе жауапты бол.
- Есіңде болсын: кейде қалауыңа қол жеткізе алмау – барып тұрған сәттілік.
- Ережені жатта: оны лайықты деңгейде бұзуға жеңіл болады.
- Жол берме: ұсақ-түйек керіс үлкен достыққа зиянын тигізбесін.
- Түйсін: қателік жасасаң, оны түзеуге тырыс.
- Күнделікті: аз уақытыңды жалғыздыққа арна.
- Ашық бол: өзгеруге бейім бол, бірақ өмірлік ұстанымыңды шашып алма.
- Есте сақта: кейде үндемеу – ең ұтымды жауап.
- Өмір сүр: лайықты және адал бол. Сонда қартайғанда артыңа қарап қуанасың.
- Сенің үйіңдегі сүйіспеншілік – өміріңнің негізі.
- Жан жарыңмен ұрыс-керісте тек бүгінгіні сөз ет, өткенді еске алма.
- Өз біліміңмен бөліс. Мәңгілікке апарар жол осы ғана.
- Жер-Анаға мейірімдірек бол.
- Жылына бір рет ешқашан табаның тимеген жерге баруды әдет қыл.
- Ең ғажап қарым-қатынас – махаббаттың бір-біріңе деген сұраныстан да асқақтыққа көтерілуі.
- Жетістікті оған жету үшін қандай құрбандық жасағаныңмен бағала.
- Махаббат пен аспаздықта жалтақтық болмауы тиіс.
Далай Лама
Аударған Шынар Әбілдә