➡️ДАУЫЛДЫҚ ЕСКЕРТУ
19 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
19 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. 19-20 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 19-20 желтоқсанда тұман, көктайғақ, 19 желтоқсанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. 19-20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары !
Қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.
Ең басты және сенімді ереже –- нашар көріну және көктайғақ кезде жолға шығудан бас тарту қажет екендігін еске саламыз.