КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевтың қатысуымен аудандық полиция бөлімінде жасөспірімдер арасында жиі орын алатын кикілжіңдерге байланысты ата-аналармен кездесу өткізілді.
Олардың өміріне ата-аналардан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін де айта кеткен жөн.
Қазіргі таңда аудан аумағында жасөспірім балалардың бұзақылық, олқылық әрекеттеріне байланысты арнайы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балалар кешкі уақытта қатаң түрде бақылауға алынады.