“Желтоқсан жауқазындары”

Бүгін 86-ның желтоқсанында жанын мұзға күйдірген жауқазын қыздарды ортамызға алып, ардақты аналардың әңгімесін тыңдадық. Ұстаздар Кадримбетова Майра мен Бекбергенова Жанат студент шағында бір топта оқып, бір жатақханада тұрған екен. Қырық жылға жуық уақыт өтсе де, екі қыз да естеліктерімен бөліскенде көз жастарын әзер ұстап отырды. Замандастарына демеу беруге келген “Желтоқсан ұшқыны” қоғамдық бірлестінің төрағасы Талғат Кеншінбеков өз сөзінде біздің облыста 300-ден аса желтоқсаншының тұратынын айтты. Яки осынша адамның жүрегінде желтоқсан салған жара бар, тыртық боп біткен із бар, көңіл түбінде сыз бар. Осы көтеріліске қатысқан бірнеше жанмен сұқбаттастым, жан жарасының жазылмағанына талай көзім жетті. Сол себепті ендігі ұрпақтың рухы бұлай сыналмасын деп тілеймін!