ОБЛЫС ӘКІМІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар үздік педагогтармен кездесіп, оларға марапат табыстады.
✅Облыс басшысы кездесуде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.
📌Келесі кезекте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан елеулі үлесі үшін Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директоры Ляззат Мырзабекованы марапаттады.
🖇️Сондай-ақ, республикалық «Үздік педагог» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған өңіріміздің 6 мұғалімі де марапатқа ие болды.
Бұдан бөлек, 5 педагог «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісіне және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1 035 000 теңге) сыйақысына ие болды.
👏🏻Педагогтарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!