🔰ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Энергетиктер күніне орай Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков сала мамандарымен жүздесіп, мерекемен құттықтады.
«Энергетика – ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Қазақстандық өнеркәсіпті өрге сүйрейтін де осы сала. Сіздердің жұмысыңыз – шынайы адал еңбек. Күннің райы мен мерзіміне қарамастан, үнемі халық игілігі үшін жұмыс жасайсыздар. Сіздердей еңбек адамдарына алғысымыз шексіз», — деді Нұрбол Әбдімажимтұлы.
Энергетика саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, ауданның өркендеуіне сүбелі үлес қосқан мамандар «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін», белгісімен, Талас ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды.