«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2023» Жамбыл спортының үздіктерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті

Тараз қаласы «Гауһартас» мейрамханасының фойесінде 2023 жылғы Жамбыл облысы спортшыларының жетістіктері көрмесімен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов таныстырды.
Қазақстанды әлемге танытып жүрген Жамбыл, Әулиеата елінің спорт майталмандарын марапаттауға арналған «Жыл үздігі — 2023» атты мерекелік салтанаты облыс спорт саласының 2023 жылы жеткен жетістіктері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик — деректі фильмді көрсетуден басталды.
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын аса құрметпен айтып өткеніміз орынды.
Салтанатты рәсімнің басында барша жамбылдық спортшыларды, дене шынықтыру және спорт саласы мамандарын Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев құттықтап, спорт үздіктеріне мерекелік марапаттауларды тапсырды:
Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:
1.
БУДАНБЕКОВ
Дамир Бұлтбайұлы
Бокстан Қаз КСР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
2.
ӘЛШАНОВ
Серік Елубайұлы
№2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресінің жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы
3.
ШАЛДАНБАЕВ
Сәмбеталы Бегасылұлы марапатталды.
№1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері
Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен»:
1.
АБДУЛЛАЕВА
Асылзат Тойшыбайқызы
«Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің математика пәнінің «педагог-сарапшы» санатындағы мұғалімі
2.
АРТАЕВ
Бахыт Карипуллаевич
№2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары
3.
БЕГАЛИЕВ
Саят Балтабекұлы
Талас ауданындағы №32 балалар-жасөспірмдер спорт мектебінің басшысы
4.
КӘРІБАЕВ
Ернұр Бергенұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы
5.
ОМБАЕВ
Тлепберген Ділдебайұлы
Т.Рысқұлов ауданындағы №24 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері
6.
САПАШЕВ
Бахытжан Жаксылықұлы
№5 облыстық мамандандырылған балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы
7.
ЕРЖАНОВА
Гүлсім Жылқайдарқызы
«Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
8.
КӨЛБАЕВА Раушан Зиябекқызы
«Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының бас бухгалтері
9.
ҚРЫКБАЕВ
Инаят Өксікбайұлы
Әуесқойлар футбол лигасының жетекшісі
10.
РЫСПАНБЕТОВ
Сұлтан Қыбырайұлы
«Тараз» кәсіпқой волейбол клубының — Спорттық директоры
Марапатталды.
Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хатымен» :
1.
АЯЗБЕКОВ
Бейбіт Барзуұлы
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік өңірлік университетінің «Дене шынықтыру кафедрасының» аға оқытушысы
2.
БИБАСАР
Азамат Қасырқұллаұлы
№2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері
3.
ЖУКЕНОВА
Айгерім Берхайырқызы
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы
4.
КУЛЕМБЕТОВ
Сайидмурат Баймуратұлы
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының спорттық-әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы
5.
МИНАРБЕКОВ
Дархан Изтлеуұлы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің «Спорттық пәндердің әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
6.
НҰСҚАБЕКОВ
Бағдат Аскарұлы
Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы
7.
РЫСҚҰЛОВА
Нағима Қапалбайқызы
«Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубының қызметкері
8.
СПАБЕКОВ
Бекзат Спабекұлы
Бокстан ересектер арасында Жамбыл облысының аға жаттықтырушысы
9.
СУЛЕЙМЕНОВ
Олжас Әбирліұлы
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік өңірлік университетінің «Дене шынықтыру кафедрасының» аға оқытушысы
10.
ТЛЕУБАЕВА
Жания Канатовна
«Спорттың ойын түрлері бойынша «Тараз» кәсіпқой спорт клубының жаттықтырушысы
11.
ТӨЛЕУІШОВ
Олжас Дүйсенұлы
Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының әдіскері
12.
ШЕЙРЕНОВ
Қанат Тағайұлы
«Талас Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
13.
ШІЛДЕБАЕВА
Әсел Жұманбайқызы
Талас ауданындағы №32 балалар-жасөспірмдер спорт мектебінің медбикесі
Марапатталды.
«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2023» облыс спортының үздіктерін марапаттау рәсімінің номинациялары бойынша:
«ҮЗДІК БАЛАЛАР СПОРТШЫСЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ИСА
Аяна
12 жаста, Джиу-джитсудан Әлем чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Абу-Даби – 2023), грэпплингтен Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, Әлем Кубогың иегері (Астана-2023)
«ҮЗДІК МОБИЛОГРАФ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
Өмірзақ
Ерслан Валиханұлы
Бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығының баспасөз хатшысы
«ҮЗДІК ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ТӘЛІПЖАН
Тахмина Қадыржанқызы
Жамбыл облыстық «77TV» телеарнасының тілшісі
«ҮЗДІК ӘДІСКЕР – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ТӨЛЕУШОВ
Олжас Дүйсенұлы
Олжас Дүйсенұлы – Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының әдіскері. Өңір спортының дамуына елеулі үлес қосқан білікті маман. 2023 жылдың 30 мамырда «Тараз» орталық стадионында төртжылдықтың басты додасы Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастырылуына орасан зор үлес қосты
«ҮЗДІК СПОРТ НҰСҚАУШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ДӘУЛЕТ
Ақпан Жанайдарұлы
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округінің спорт нұсқаушысы. Ақпан Жанайдарұлы ауылдық жерде бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, білікті маман ретінде көрсетті. Жыл басынан, ауылда 48 спорттық іс-шара ұйымдастырып, 2,0 мыңға жуық адам қамтылған. Аулдық округтің спортшылары аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде.
«ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
№22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Спорт мектебінде 12 спорт түрі бойынша 739 спортшымен 22 жаттықтырушы жұмыс атқаруда. 2023 жылы халықаралық жарыстарда — 13 медаль, ҚР чемпионаттары мен Кубоктарында — 17 медаль, облыс чемпионатында — 132 медаль иеленген. Спорт мектебін Дулат Маратұлы басқарады
«ҮЗДІК ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
№8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Спорт мектебінде 11 спорт түрі бойынша 1 640 спортшымен 52 жаттықтырушы жұмыс атқаруда. 2023 жылы Әлем чемпионаты мен Кубогында — 18 медаль, Азия чемпионатында — 10 медаль, ҚР чемпионаттары мен Кубоктарында — 93 медаль иеленген. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аудандық спорт мектептері арасынан бірінші болып «мамандандырылған» деген мәртебесін алған. Спорт мектебін Аслан Асықбекұлы Айтбеков басқарады
«ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМІ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі
Талас ауданында жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары 40,3%-ға жетті. Ауданда 223 спорт нысаны жұмыс атқаруда. Оның ішінде, 1 стадион, 3 спорт кешені, 45 спорт зал, 77 футбол алаңы және 97 спорт алаңшалары. Аудандағы Бөлтірік шешен және Ойық ауылдарына демеушілер тарапынан заманауи спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Жыл басынан 380 спорттық шара ұйымдастырылып, 25,0 мыңнан астам адам қамтылды. Аудан спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Спорт бөлімін Тоқсанбаев Ерназар Берікұлы басқарады.
«ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ӘСЕТҰЛЫ
Сұлтан
Грек-рим күресінен U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан тарихында тұңғыш Әлем чемпионы (Тирана-2023), Азия чемпионы, грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жеке бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Қуатов
«ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ӘБДІМАЖИТ
Серік Мәлікұлы
Самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Бішкек-2023), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ереван-2022), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (Бейрут-2022, Астана-2023), самбодан және дзюдодан ҚР спорт шебері, онлайн ашық дауыс беру арқылы 28 599 дауыс жинап «Халық таңдауы-2023» номинациясының иегері атанды
«ҮЗДІК СПОРТТЫҚ КОМАНДА – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
«Айша бибі» су добы клубы
Су добынан Қазақстан Республикасының VІ-шы Жазғы спартакиадасының жеңімпазы, Әлем Кубогының қола жүлдегері, Азия чемпионы (Сингапур-2023), 19-шы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (Ханчжоу-2023)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
СЕМБЕКОВ
Ерлан Бақытұлы
ММА-ден «Тараз ТОП ТЕАМ ММА» спорт клубының балалар жаттықтырушысы, шәкірттері 2023 жылы Әлем чемпионатынан 2 алтын, 1 күміс, Азия чемпионатынан 8 алтын, 4 күміс, Әлем Кубогынан 1 алтын медаль иеленген
ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ҚУАТОВ
Марат Әмірханұлы
Грек-рим күресінен U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан тарихында тұңғыш Әлем чемпионы (Тирана-2023), Азия чемпионы Сұлтан Әсетұлының жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
САМАРЦЕВ
Сергей Валериевич
Жауынгерлік самбодан Жамбыл облысының аға жаттықтырушысы, 2023 жылы Азия чемпионатының 5 чемпион, 3 күміс жүлдегер, Әлем Кубогының 1 чемпионы, 2 қола жүлдегері, Жамбыл облысының тарихында алғаш рет жауынгерлік самбодан 1 Әлем чемпионын, 1 күміс жүлдегер, Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында 1 күміс жүлдегерін дайындады
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ҚҰРМАНБАЙ
Есжан Сенбекұлы
Көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының 13 дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің 2 дүркін жеңімпазы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы «Әулие-Ата» көкпар командасының бас бапкері, команда капитаны
МҮГЕДЕКТІГІ БАР СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ИСМАИЛОВ
Ринат Сайлауұлы
Грек-рим күресінен жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері (Кашиас-ду-Сул-2022), Азия чемпионы (Бішкек-2023), тұңғыш Әлем чемпионы (Бішкек-2023) Асан Нұржанның жеке бапкері
МҮГЕДЕКТІГІ БАР СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
АСАН
Нұржан
Грек-рим күресінен Әлем чемпионы (Бішкек-2023), Азия чемпионы (Бішкек-2023), грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жеке бапкері – Ринат Ысмайылов
«ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
МОЛДАБЕК
Айдана Саматқызы
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы (Алматы-2023), Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының спортшысы, жеке бапкері — Ербол Нұрханов
«ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ШӘЙМЕРДЕНОВ
Бекәділ
Кураштан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), ҚР спорт шебері, дзюдодан ҚР ұлттық құрама мүшесі, жеке бапкері Рақымжан Қожатаев
«ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2023» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған
ШЫМБЕРГЕНОВ
Асланбек Әбдікәрімұлы
бокстан Әлем чемпионы (Ташкент-2023), Азия чемпионы (Амман-2022), жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (Ханчжоу-2023), бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының капитаны, жеке бапкері — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермек Ертаев
марапатталды.
Марапаттауды Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов жалғастырды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 30 жыл» мерекелік медальімен:
1
БУДАНБЕКОВ
Дамир
Бокстан Қаз КСР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
2
ДҮЙСЕМБАЕВ
Махамбет
Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының басшысы
3
САРЫБАЕВ
Әділет
Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қол жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері Рахат Қалжанның жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
4
АҚҮРПЕКОВ
Нұрлан
Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы (Афина-2004) Бақтияр Артаев, Әлем чемпионатының жүлдегерлері Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және Дулат Бекбауовтың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты дамытуда сіңірген еңбегі үшін» алқасымен:
1
ҚҰЛЕКЕЕВ
Батырбек
Жамбыл облысының Тоғызқұмалақ «Қазақ ұлттық ойын Қауымдастығы федерациясының президенті
2
АБАШЕВ
Бердалы
Жамбыл облыстық ат спортының бәйге, классикалық және олимпиадалық түрлері федерациясының президенті
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт саласына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін» төсбелгісімен:
1
ЖАКИЕВ
Темір
«ОҢТҮСТІК» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің дене дайындығы және спорт қызметінің бастығы, майор
2
СЕЛИВЕРСТОВ
Сергей
Қазіргі бессайыстан Азия чемпионы, Париж Олимпиада ойындарына лицензия иегері Георгий Борода-Дудочкиннің жеке бапкері
3
ЕРМАҒАНБЕТОВ Ерлан
Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік – саяси мониторинг бөліміның бас инспекторы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының «Алғыс хатымен»:
1
ТРУБИН
Евгений Анатольевич
Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының жаттықтырушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс хатымен»:
1
ИПТИЛДАЕВ
Бекдауыл
«Банк Центр Кредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры
2
МОКРУШИН
Иван
«Жеті бұлақ» ЖШС директоры
3
КУЗДЕУБЕКОВ
Елдос
«Талас Инвест» ЖШС директоры
4
СЕМБИЕВ
Абай
«Dubai Mangal» мейрамханасының басшысы
5
КУАТОВА
Зарина
«Тараз 24» телеарнасының директоры
6
ЖАНГАЗИНА
Айнұр
Бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығының бас есепшісі
7
МЕЙРКУЛОВА Анастасия
И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
8
ЖАРТЫБАЕВ
Салькен
№1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы
9
БАЙБОСЫНОВ
Дархан
№2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы
10
ДУЙСЕНОВ
Ринат
Жамбыл ауданындағы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы
11
ДАЛАБАЙ
Елдос
марапатталды.
Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының басшысы
Іс – шара барысында сахнада жергілікті өнерпаздар мен ән – би шеберлері өнер көрсетті.
«Жамбыл» триосының орындауында «Бастау» әні шырқалды, шараға арнайы дайындалған ITF таэквондо спортшылардың қойылымы көрсетілді, «Қайсар Бабам» әнімен Айна Қалмағанбетова өнер көрсетті, Көркем гимнастика спортшылар мен Клуб Ордабасы таэквандо спорт түрінен спортшылардың қойылымы тамашаланды. «Мақтанышым Отаным» әнін «Жамбыл» триосы орындады. Артынша Спорттық арбадағы биі, «Туған жер» әнімен Айна Қалмағанбетованың өнерін тамашаладық. «Өмірің өз қолыңда» және «Халқым ай» әндерін Жазира Сметова керемет орындады.
Жамбыл спорт басқармасы ұйымдастырған «Жыл үздігі — 2023» салтанатты іс – шараның соңында барлық номинация иегерлері сахна төріне шығып хормен «Жамбыл спортшылары» әнін керемет орындады! Барлық қатысушы спортшылардың қолдарында Мемлекеттік көк Туымыз желбіреп тұрды, бәріміз айрықша патриоттық сезімге бөлендік!
2024 жыл — Париж Олимпиада жылы Құтты жыл болсын, қымбатты ЖАМБЫЛ спортшылары!
Нартәуекел! Намысты қолдан бермейік!