Қаңтардың 1 мен 2 күндері ХҚКО жұмыс істемейді

Мемлекеттік корпорация Жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары қаңтардың 1 мен 2 күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды.

3 қаңтардан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды. Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

✅Мемлекеттік корпорация сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бақыт пен молшылық тілейді!