С.Мұқанов «Сәкен Сейфуллин туралы»

«1919 жылдың басы… Омбы қаласы. Мен Омбыда оқудамын… Ауасында құрғақ қар шаңытқан, желі ызыңдаған, күні құлақтанған, жер бетi түксие қырауытқан қызыл шұнақаязды күндердің біреуінде, ұрпақтары қазіргі Қостанай облысы, Пресногорьков ауданы, Карл Маркс атындағы совхозда тұратын Шәйгөз-Уақ елiнен, Нұрке атты кісі Омбыға келе қалды.
Бексейіт дейтін арбакештің үйіне түскен елдес жолаушының жүріс жайын сұрастырсам, Омбының абақтысында Жұмабай атты баласы тұтқында жатыр екен. 1917 жылы патша өкіметі құлағаннан кейін, Ақмола каласында Совдеп ұйымдасады, осы жұмысқа белсене қатынасқан адамның біреуі жас учитель Жумабай Нуркин екен…
Әдебиетте де тап тартысы барын мен бірінші рет Жұмабай Нуркиннен естідім. Осы жайда сөйлеп отырып «қазақта пролетариаттық революцияны бiрiншi жырлаған ақын Сәкен Сейфуллин деді де, оған дәлел мыналар»- деп бірер өлеңді жатқа айтып берді…
1919 жылдың басында (дәл қай ай екені есімде жоқ), жасырын жұмыста жүрген большевиктер ұйымдастырып, Омбыда жұмысшылар көтерілісі болды. Олар абақтыдағы большевиктерді босатып алды. Жұмабай Нуркинді әкесі еліне алып кетті. Колчак көтерілісшілердi қан-жоса қып басты. Абақтыдан босағандардың біразы ұсталып қайта қамалды. Сонда «Сәкен босана алды ма, жоқ па?… Босанса қайта кетті, босанбаса не халде?» — деген сұрау менің көңілімде қала берді…». (Жалғасы бар)
Дарынды жазушының өмірін толығырақ білгілеріңіз келсе мұражайдың қонағы болуға шақырамыз!