Қазақстанда жаңажылдық пойыз қатынайды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы іске қосылды.
Ерекше пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік атмосфера сыйлау үшін іші де, сырты де жаңа жылға сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз Ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстайды.
Мерекелік безендірілген пойыз құрамы жаңажылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін қатынайды.
Арай Газеті