🌊 Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді

2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Алдағы үш жыл бойы еліміз аталған ұйымды басқаратын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды.
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.