АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІК

 «Үлкендер жолы – ұлылық». Бүгін әріптестеріммен Талас ауданының білім саласында қажырлы еңбек еткен, бейнеттің зейнетінде отырған Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді орта мектебінің ардагер ұстаздарымен кездестік.
🔰 Кездесуде білім саласында аянбай еңбек еткен зейнеткерлер ұстаз еңбегінің маңызы жайлы ой толғады.
📌 Жас мамандарға қатысты аға буынның еңбек жолымен танысып, педагогика саласына қатысты тың кеңестерін алдық.
📍 — Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген.
🔷 Мен үшін өте қуанышты күн. Әрбір ұстаз үшін балаға білім беріп, елге құрмет көрсетуді үйретіп, тәрбиелеуден артық ештеңе жоқ, – деді ардагер ұстаз Бағила Кеңесқызы.
❗️ – «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
➡️ Адамның өмірінде алғаш әріп танытып, соларға тәлім-тәрбие беру – қиын жұмыс, – деді Еркеңес Əбдікерімов ағайымыз сөз арасында.
✍🏻 – Ғалым да, шахтер де, әкім де ұстаздан білім алады. Ұстаздық ету оңай емес. Әрбір кіп-кішкентай баладан үлкен маман шығару кез келген ұстаздың қолынан келе бермейді, – деді Бегімкүл Битохова апайымыз.
💬 Ия, «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
🔰 Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ сақалды ата, ақ жаулықты Ана бақытына бөленіп, сый құрметтеріңіз арта берсін!
✅Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін деп ізгі ниетімді жеткіздім.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы