Тараз қаласында жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді
Тараз қаласы «Бурыл» алқабында 200 орындық жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған болатын.
Бүгінде бұл тапсырма Жамбыл облысында жүйелі түрде орындалуда.
Оқу ордасының ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай қатысып, ақжарма тілектерін арнады.
Заманауи үлгіде жабдықталған мектепке 1-4 сынып аралығындағы оқушылар қабылданады. Мұнда 9 оқу сыныбы, интернет жүйесімен, заманауи құрылғылармен толық қамтамасыз етілген.
Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар мектептің лентасын қиып, оқу ордасының ішін аралап көрді.