ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

1. Күн сайын 2 дана шайнап жүрсеңіз созылмалы ангинадан құтыласыз.
2. Тамағыңыз ауырған кезде шайнасаңыз ауру басылады.
3. Тамақтанудан 30 минут бұрын бірнеше бөлік шайнасаңыз ішектің ақ құрттарын 2 күн ішінде өлтіреді.
4. Қалампырдың әрбір шоқтарының құрамында эвгенол, кариофиллен және иланген сияқты хош иістері бар 20% эфир майы бар. Сондықтан оның ақ құрттардан басқа ағзадағы инфекциялық бактерияларды (стафилококк, туберкулез) өлтіру қабілеті де бар.
5.Ауыз қуысының қабынуын емдейді. Сағыздың орнына шайнау стоматит, периодонтит және гингивит ауруларын емдейді. Ауызды жуатын кез-келген заттан артық жағымсыз иісті басады және қайтадан иісті болдырмаудың ең арзан әдісі — қалампырды шайнау болмақ..
6.Евгенолдың құрамы қатерлі ісікті тоқтатуға және оның қайталануын болдырмауға көмектеседі. Бұл арнайы сынақтармен дәлелденген және тұқым қуалайтын қатерлі ісікке шалдығу қаупі бар адамдарға оны алдын-алу үшін үнемі қолданып отыруға кеңес беріледі.
7.Төмен қысымды жоғарылатуға қызмет етеді. Екі данасын шайнау бір кесе кофе ішкенмен тең. Қан қысымының төмендеуінен болатын шаршағыштықты, бас айналуды және бас ауруын басады. Бұл екі тал қалампыр энергияны қалпына келтіреді және дененің қорғаныс қабілетін арттырады
8.Бұл хош иісті дәмдеуіштің құрамындағы В дәрумені ұйқысыздықты жойып тыныштандыратын әсері бар.
9.Шайдың хош иісін, дәмін және жылу сапасын арттыру үшін оның 1-2 талын үнемі бір шәйнек сүтті шайға қосып ішіңіз.
Егер сіз оны отбасымен қолданғыңыз келсе: Түнде ұйықтар алдында молырақ бір кесе сүтке сары май, ас содасы, 1 ас қасық арпа талқанымен араластырып 1 тал қалампыр қосп дәмін шығарып ішіңіз. Таңертең оянғанда керемет демаласыз.
Қалампырдың сапасын тексергіңіз келсе, оны кеседегі суға қатты лақтырған кезде тігінен жоғары қалқып кетсе немесе ыдыстың түбінде тігінен тұрса, бұл эфир майы әлі де бүтін және емдік қасиетін жоғалтпағанын білдіреді. Ал көлденең қалқып тұрса эфир майының буланғанын және терапиялық мәнін жоғалтқанын көрсетеді.
ТЫЙЫМ:
-Егер өсімдікке аллергияңыз болса, қолданбаңыз.
-Сүт тістері түспеген, немесе тісі енді шығып жатқан кезде қолдануға болмайды.
-Қан қысымы жоғары адамдарға қолдануға болмайды…