ИЗРАЙЛЬ ТЫҢШЫЛАРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ
Түркияның Anadolu агенттігі 2 қаңтар күні
Түркия қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің «Израильдың мүддесі үшін тыңшылық жасады» деген күдікпен 33 адамды тұтқындап, тағы 13 адамға «Израильдің барлау және құпия қызметіне (Моссад) қатысы бар» деген күдік келтіріп іздеу жариялағандығын хабарлады.
Ғаламтор беттерінде таралып жатқан ақпараттарда айтылуынша, күдіктілер Стамбулда және Түркияның тағы жеті провинциясында жүргізілген рейдтер кезінде ұсталған. Түрік билігі оларды Түркияда тұратын шетелдіктерді «барлау» және «аң аулау, шабуылдау және ұрлау» сияқты операцияларды жоспарлады деп айыптап отыр. Anadolu агенттігі қазірше тұтқындалғандар немесе олардың нысанасы болған шетелдіктер туралы нақты ақпарат таратқан жоқ. Дегенмен RT және Euronews қатарлы ақпарат көздері өз хабарларында Израильдің қоғамдық хабар тарату корпорациясы (KAN) 3 желтоқсан күні кешке таратылған жазбасын атап өтті. Бұл дерек те, Израиль Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (Sin Bet) директоры Ронан Барр Израильдің бүкіл әлемде тұратын «Хамас» қозғалысының жетекшілерін «жойып тастауға» бел байлағанын айтыпты.
— «Министрлер кабинеті бізге ХАМАС-ты жою мақсатын қойды», — деді Барр. «Біз мұны істеуге бел будық… барлық жерде: Газа, Батыс жағалау, Ливан, Түркия, Катар, (жойып жатыр) бәрі… бірнеше жыл қажет, бірақ біз мұны істейміз»,- депті Ронан Барр.
Жазба жарияланғаннан кейін Түркияның қатысты тараулары Израильдің қауіпсіздік күштері түрік жерінде ХАМАС мүшелеріне қастандық жасамақ ниеті болса, «ауыр зардаптарға» тап болатынын ескертті. Reuters агенттігі сол кезде атын атамаған түрік барлау қызметкеріне сілтеме жасап: «Израиль шенеуніктерінің мәлімдемелері туралы жаңалықтарға сүйене отырып, (Түркия) қарсы тарапқа қажетті ескертулер жасады және Израильге (мұндай әрекеттер) ауыр зардаптарға әкелетінін мәлімдеді»,- деген.
«Daily Morning Post» түрік ақпарат құралдарының бұған дейінгі хабарларына қарағанда, Түркияның Ұлттық барлау қызметі (MIT) Израильдің барлау агенттігі Моссадтың операцияларын жиі әшкерелейді немесе бұзады. Өткен жылдың шілде айында Түркия Моссадтың 56 агентінен тұратын тобын ашып, олар Түркиядағы кейбір түрік емес азаматтарды бақылауға жауапты екенін айтты. Сондай-ақ түрік барлау қызметі Моссадтың Стамбулда орналасқан араб тыңшыларын үшінші елдерге, әсіресе Ливан мен Сирияға барлау мәліметтерін жинау және жолдардың шабуылдары үшін нысаналарды белгілеу мақсатында жібергенін анықтағанын хабарлаған.
Ғаламтордағы ақпараттардан ықшамдап аударған:
Ерқазы Сейтқали