ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 20 ҮЙ САЛЫНУДА
Түркістан қаласындағы «Отырар» мөлтек ауданында көппәтерлі 5 қабатты 20 үйдің қабырғасы қалануда. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылыс басына барып, жұмыс барысын тексерді.
Құрылысшы мердігерлер шаһар басшысына жоба бойынша жүзеге асқан жұмыстарын баяндап, жоспарларымен бөлісті. Техникалық қадағалаушы өкілдер өндірістік кестеде көзделген мерзімнің және келісімшарт талаптарының сақталуына қатысты есеп беріп, құрылыс жұмыс күшін арттыруды қажет ететінін атап өтті. Қазіргі таңда мұнда 4 үйдің жертөле негіздеріне бетон құйылуда, 5 үйдің 1-қабаты, 5 үйдің 2-қабаты, 5 үйдің 3-қабаты, 1 үйдің 4-қабаты қалануда.
Қала әкімі басты талап – үйлердің сапасы екенін ескертіп, нысан құрылысы мерзімінен кешікпей аяқталуы керектігін айтты. Құрылыс барысы қатаң бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөзы қызметі