Өзгерістерді өміршеңдігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым.
Президент сұхбатында кадр саясатында қандай қағидатқа сүйенетіндігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана емес, олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен еліне пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет.
Қазір жастардың тәрбиелі әрі оқу мен білімге ден қоятын уақыты. Мемлекеттік қызметшілер білімді де білікті және сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті, арлы адам болуы керек.
Президенттің кадр саясатында айтқан қағидаттарды басшылыққа ала отырып, еліміздің жарқын болашағы, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында еңбек ете беретін боламыз.
Олжас Бейсен
Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі