АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жыл қорытындысымен бюджеттің нақты атқарылуы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е. Имашев хабарлама жасады.Возможно, это изображение 1 человек и помост
2024 жылдың 1 қаңтарға Сарысу ауданы бюджетінің (Төртінші деңгеймен қоса) кірістер бөлігінің жоспары 15101,6 млн. теңге болса, нақты түскені 15575,0 млн. теңге, орындалу көрсеткіші 103,1 пайызды құрады. Оның ішінде:
Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 111,3 пайызға орындалды.
Салықтық емес түсімдер жоспардан 154,5 млн. теңге артығымен түсті.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 110,5 пайызға қамтамасыз етіліп 16,8 млн.теңге артық түсті. Трансферттер жоспары 100 пайызға орындалды. Жалпы кірістер бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 800,0 млн.теңгеге, яғни өсім 131,6 пайызға артқан.
Күн тәртібінде «Мәдениет және тілдерді дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға жоспары туралы » екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Жақсыпейілова баяндады.Возможно, это изображение 1 человек, учится и текст
Ауданда мәдениет саласы бойынша 2 мәдениет үйі, 17 ауылдық клуб үйлері, 26 кітапхана және 1 мұражай жұмыс істейді. 2023 жылдың 12 айында барлығы 2733 мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, 103710 көрермен тартылған. Мәдениет үйінде 5 халықтық ұжым жұмыс атқарады. Атап айтқанда, «Сарысу», «Саудакент» театрлары; «Айжанқыз» би ұжымы; «Сарыарқа» ұлттық аспаптар оркестрі;«Талант» көркемсурет студиясы. Сонымен қатар, 65 үйірме әр түрлі бағытта жұмыс жасайды, онда 902 қатысушы бар.
Мәдениет саласы түрлі бағыттағы мәдени іс-шаралар, өнер байқауларын халық назарына ұсынып, түрлі дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізілді. Өткен жылы өткен ірі мерейтойларға мәдениет саласы белсене ат салысты.
Ауданда тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бағытында 93 іс-шара өткізілді.
Ономастика саласы бойынша 2022-2023 жылдары білім мекемесінен 2 нысан, 2 елді мекен және 21 көше қайта аталды. Өткен жылы мәдениет саласы 5 мәдени қызметкер және 4 кіші қызметкерлер штатымен толықтырылды.
Биылғы жылы мәдениет саласында 2705 іс-шара жоспарланып, 104 820 адам қамтылады деп жоспарланып отыр.Возможно, это изображение 1 человек и помост
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте «Жыл қорытындысымен ауданда «Мейірім» жобасының іске асырылу барысы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы
И. Баймағамбетов хабарлама жасады.
Аудан бойынша жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған 23 отбасыдан 30 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 жетім, 15 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 20 бала мектеп жасындағы, 5 бала университет, колледж білімгерлері, 5 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиеленушісі. Облыста 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» жобасы іске асырылуда. Аудандағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 27 балаға, аудандағы 27 мекеме мен жауапты тұлғалар бекітілген. Есепте тұрған 30 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 бала мемлекеттік тұрғын үймен қамтылған, 6 бала Жаңатас қаласында, 1 бала Алматы қаласында, 1 бала Шымкент қаласында кезекте тұр, 2 бала тұрғын үй кезегіне тұру үшін құжаттарын әзірлеуде.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі