Қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті
Алайда, осыны ұғынбай, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары әлі сиремей тұр. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту қажет. Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде жыл ішінде 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынды.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.
Жалпы, айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы