ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАР 140 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Жақсы істердің жаршысына айналған «Қолғабыс» қайырымдылық қоры бір топ кәсіпкермен бірлесіп тағы бір қайырымды шараға себеп болды. Ізгілікке ұмтылған азаматтар күнделікті ішім-жемге қажетті, әлеуметтік маңызы бар өнімдерден құралған азық-түлік қоржынын 140 отбасына үлестірді.Нет описания фото.
Арыс қаласының бірнеше кәсіпкері ортақ істерге топтасып, мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауға бастамашыл болды. Олар «Қолғабыс» қайырымдылық қорымен ақылдаса келе, өз қаржыларына 7 тонна жоғары сортты ұн сатып әперген. Өз кезегінде қор тарапынан күріш, қарақұмық (гречка), асбұршақ, маш, май, макарон, ұзақ мерзімге сақтауға жарамды консервіленген өнімдер салынған азық-түлік себеті берілді.Возможно, это изображение 11 человек, автомобиль и текст
«Қолғабыс» қайырымдылық қорының төрағасы Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, бүгінгі таңда Арыс қаласында демеушілік танытып, түрлі көмектер жасап жүрген қайырымды азаматтар саны артқан. Ол өз сөзінде атымтай жомарт кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен қайырымдылық шаралары алда да жалғасын табатынын айтып өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі