Ауыл халқының тұрмыстық жағдайы басты назарда
Кеше жұмыс сапарымен Қамқалы ауылдық округіне барып, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен таныстым.
Шығанақ ауылындағы сапарымды батыр ана Шекер апамызды 80 жас мерейтойымен құттықтаумен бастадым. Ауылдық клуб, кітапхана, мектеп, медициналық нысанның жылу жүйелерін қарап, сала мамандарына тиісті жұмыстарды реттеп отыруды, балалар қауіпсіздігі басты орында екенін айттым.
Қамқалы ауылындағы сапарымды ауыл ардагері Серікбай қариямен әңгімелесуден бастап, ауылдың жағдайымен қанықтым. Мектеп, ауыл клубының жұмысын, жылыту жүйесін көрдім.
Сапарды Жайлаукөл ауылымен аяқтап, ауыл анасы Жолдыкөл апамызға кіріп, батасын алып, әңгімелесіп шықтым. Жайлаукөл ауылындағы мектеп, ауылдық клубтың жылу қазандықтарының күйін көріп, Жайлаукөл дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстарын қарадым. Құрылыс аяқталуға жақын, қабылдап алу жұмыстарын бастамас бұрын, жұмыстық толық сапалы болуын тапсырдым.
Округ әкіміне ауыл халқының тұрмыстық жағдайын арттыру бойынша жаңа жобаларды қолға алып, кәсіп ашып, мал шаруашылығын дамыту бойынша тиісті біршама жұмыстар тапсырып, ауыл жастарын тарта отырып, ауыл тазалығын назарда ұстауын, көгалдандыру жұмыстарын ерте көктемнен бастауды қолға алу керектігін айттым. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес ауыл тұрғындарымен кездесуге арнайы барамын.