Жаңа СПОРТЗАЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тараз қаласы білім бөлімінің №6 орта мектебінің ғимаратына жапсарлас салынған спортзал пайдалануға берілді.Возможно, это изображение 9 человек
📌Спортзалдың ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлы , Тараз қаласы білім бөлімі басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызы, Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты Савченко Андрей Анатольевич , Тараз қалалық мәслихатының депутаты Джуманкулов Марат Сейтбекович, білім саласының қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
🔹Шара барысында №6 орта мектебінің белсенді ата-анасы Басс Дина Азимхановна салтанатты түрде спортзал ғимаратының лентасын қиды.Возможно, это изображение 7 человек и люди танцуют
📌Қазіргі таңда Тараз қаласы №6 орта мектебінде 1000-нан астам оқушы білім алуда. 2023 жылдың мамыр айында басталған ғимарат құрылысына 358 389,3 мың қаржы бөлініп, толықтай заманауи үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы