ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ҚОЛ КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шардара ауданында қол күрестен Түркістан облысының чемпионаты басталды. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жарыс жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында өтіп жатыр.
— Өткен жыл біз үшін өте табысты жыл болды. Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті. Сауд Арабиясында өткен Комбат ойындарынан да абыроймен оралды. Мұның бәрі спортшыларымыз бен жаттықтырушылардың еңбегі. Бүгінгі жарысқа қатысып, бағы мен бабын сынап жатқан жас спортшыларымызға сәттілік тілеймін,- деді Арман Романұлы.
Жаттықтырушылардың айтуынша, жарыста үздік деп танылған бірінші және екінші орын алған спортшылар ҚР чемпионатына жолдама алатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі