ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ДЕРЕКҚОРЫНА МӘЛІМЕТ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсыну» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш шараға қоғамдық даму басқармасының «Мемлекеттік идеология және саяси жұмыс бөлімінің» мамандары мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары және ақпаратық-ресурстық орталықтардың жетекшілері қатысты.
Семинар барысында сөз алған мемлекеттік идеология және саяси жұмыс бөлімінің бас маманы Ж.Опышев: «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, өткен 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталды. Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін ұсыну қажет.
Мәліметтер, үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы) сәйкес ұсынылады»деп атап өтті.
Түркістан облысындағы ҮЕҰ-ға қолдау көрсететін азаматтық орталығының маманы Гүлсім Андабаева қатысушыларға арнап дерекқорға мәлімет тапсыру тәртібі туралы түсіндірме дәрісін өткізді. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, осы бағыттағы толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.