ЗИЯТКЕР ЖАСТАР БАҚ СЫНАСТЫ

Қай кез болмасын халқымыз елдің болашағы, жарқын келешегі -жастар қолында деп, олардың тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп отырған.
Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды біліммен сусындаған өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Өткен жұма күні ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен айналысатын «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Игілік ауылындағы Шоқай Датқа орта мектебінде мекеменің дәстүрлі форматта ұйымдастырып, өткізіп жүрген «QAZ Intellekt» интеллектуалды-зияткерлік ойыны өтті.
Интеллектуалды-зияткерлік ойынын өткізудегі басты мақсат– ел тарихын жастар арасында дәріптеу, түрлі зейінді дамытуға арналған ойындар, түрлі салалар мен олардың маңызын білу арқылы өзара пікір алмасып, оқушы мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Возможно, это изображение 9 человек
Аталмыш ойынға мектептің 10-11 сынып оқушыларынан жасақталған «Сұңқар», «Мадрид», «Лашын» және ұстаздардан құралған «Жалын» командасы қатысты.
5 кезеңнен тұратын тартысты әрі қызықты өткен ойында ұстаздардан жасақталған «Жалын» командасы І орынды, «Сұңқар» командасы ІІ-ші орынды, «Лашын» командасы жүлделі ІІІ-ші иеленді.
Ойын жеңімпаздары және белсене қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.