💞 МЕЙІР-МАХАББАТ

Бір жас жігіт қарт ата-әженің үйінде қонақта болыпты.
Сексен бес жастағы ата кемпірінен бір кесе су сұрап:
«Гүлім, бір кесе су алып келесің бе?» деді.
Сəлден соң «Ардақтым, шəй құйып берші», ізінше:«Сұлуым, сені шаршатып қоймадым ба, өтініш, шəйіме қант салып берсең» деп мəміле жасайды екен.
Қонақ жігіт болса, атаның кемпіріне жасаған мəмілесінде қолданған мейір-махаббатқа толы еркелетуші сөздерінен əсерленіп,атаны сұраққа алды:
Атау, шаңырақ құрғандарыңызға қанша уақыт болды?
Алпыс жылға жуық болды, балам деп күлімсіреді ата.
Өзара мейір-махаббатыңыз бен мəмілелеріңізден көңілім қош болды,деді жігіт. Əжеге«Гүлім, Ардақтым, Сұлуым»деп мəміле жасайды екенсіз…
Əжетайдың екі жүзі қызарып кетіп:
Иə,атаң бірнеше жылдан бері осындай сөздермен мəміле жасайды деді де əжей асхана тарапқа бет алды.
Сол сəтте ата əлгі жігітке сыбырлап:
Өзі есітіп қалмасын балам, екі жыл болды әжеңнің атын ұмытып қалғанмын,əлі де есіме түсіре алмай жүрмін депті.. 🤔😊