Жанжал шығарған 80-ге жуық азамат есепке алынды
Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 635 адам тексерумен қамтылды.
Отбасы, тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жанжал шығарған 79 тұлға есепке алынды.
41 құқық бұзушының мінез-құлықтарына сотпен ерекше талаптар орнатылды.
Отбасы, тұрмыстық қарым қатынастар саласында әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 91 адам жауапкершілікке тартылды.
Түнгі мезгілде заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз тұрғылықты мекенжайларынан тыс жерде жүргені үшін 100 кәмелет жасқа толмағандардың ата-анасы жазаланды.
Масаң күйде қоғамдық орындарда жүргені немесе ішкені үшін 38 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Halyqline.kz