✳️ ЭНЕРГЕТИКА — АСА ЖАУАПТЫ САЛА

Бүгінгі таңда бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан Ресубликасы да электр қуатына зәрулікті ашық сезініп отыр.
Сондықтан да, қосымша электр қуатын алу үшін — күн сәулесі мен жел қуатын пайдалану жолын таңдап, оны өндірістік жүйеге айналып отырғаны ақиқат.
Бұл оңтайлы тәжірибе біздің елде де кең қолданысқа алынған. Алғашқы нәтижелерде жаман емес.
Қазақстанда инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау және жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажеттілігі туралы республика Президенті Қасымжомарт Тоқаев барлық Жолдауларында атап өтті.
2022 жылғы Мемлекет басшысының Франция мемлекетіне іссапары аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылған.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына жобалық құны шамамен 820,0 млрд. теңге, қуаттылығы 1ГВт болатын Жел электр станциясын салу 2026-2027 жылдары жоспарлауда.
Бұл жоба көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына кемінде 2 миллион тоннаға қысқартуға, 250 тұрақты жұмыс орнын, 2 500 уақытша жұмыс орнын құруға, сондай-ақ қосымша 3,6 млрд. кВтсағ «жасыл энергия» өндіруге мүмкіндік береді.