Ақылды әйел

Өмірімде талай жігіттің ақылды әйел алғысы келетінін естідім. Мен оларды дұрыстап ойлануға шақырар едім.
Егер сен ақылды әйелді таңдасаң, оның өмірінің алтын діңгегіне айналмайсың. Себебі, ақылды әйел тек өз өмірінің өзегіне байлаулы. Зиялы әйел өзіне манипуляция жасап, басынуға, бопсалауға мүмкіндік бермейді. Ол жауапкершілікті өзіне алады. Ақылды әйел сұрақ қояды, сараптайды. Ешқашан сенің қалауыңа сай бейімделмейді. Мұндай әйелдің саған дейін де өз өмірі болған, сен жоқ боп кетсең сол өмірін жалғастырады. Ол рұқсат сұрамайды, ол ескертеді. Мұндай әйелдер жұптық өмірде соңынан ерсем деген көшбасшыны, құтқаруға тиіс әке, баланы іздемейді. Олар сенің ізіңнен ерсем демейді, біреудің айтқанына көнбейді. Олар қатар жүрсем дейді. Зорлық-зомбылықсыз өмір – ерекше салтанат не артықшылық емес, өзінің құқы екенін жақсы біледі. Керек жерінде ашу, ыза, қуаныш пен қорқынышын білдіреді. Себебі, үрей оларды осал етпейтінін, ашу да «еркекке» айналдырмасын біледі. Бұл сезімнің бәрі олардың да пенде екенін ғана білдіреді. Бітті. Ақылды әйел еркін, себебі сол азаттығы үшін күрескен. Бірақ ол құрбан емес, ол аман қалды. Оны байлап ұстаймын деп дәмеленбе, бәрібір қашып кетеді. Ақылды әйел өзінің қадірі сыртқы әлпетіндегі сұлулықта емесін біледі. Ақылды әйелді жасы, бойы, салмағы, құмарлығына бола сөкпес бұрын жақсылап ойлан. Себебі, бұл эмоционалды зорлық, ол бұны біледі. Сондықтан ақылды әйелім болса демес бұрын, сен соған шын мәнінде лайықпысың деп өзіңнен сұра.

Габриэль Гарсия Маркес
Аударған Шынар Әбілда