ПОЛЬШАЛЫҚ КӘСІПКЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮРКЕТАУЫҚ ФАБРИКАСЫН АШУҒА НИЕТТІ

🔷 Польшалық кәсіпкерлер Түркістан облысының нарығын игеруде қызығушылық танытып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Польша Республикасынан келген бизнес-делегациямен кездесті. Облыс басшысы «Stasin» компаниясының президенті Кшиштоф Борковски бастаған делегацияға Түркістан өңірінің мүмкіндіктерін жеткізіп, бірқатар инвестициялық жобаларды бастауды ұсынды.
🔁 Халықаралық нарықты жаулаған ірі компания ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қосып, өңірде ауқымды жобаларын іске асыруға ниет білдірді. Кездесу барысында аймақ басшысы түркістандықтар жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға әрдайым ашық екенін жеткізді.
🖇️ «Stasin» компаниясының иелігіндегі күркетауық фермалары, ет комбинаттары мен құс фабрикалары жылына 70 миллион кг ет өндіреді. Әлемнің 20-дан астам еліне ет экспорттайды.
🔷 Компанияның негізін қалаушы Кшиштоф Борковски Түркістан облысының климаты қолайлы, инвесторларға ұсынылған жағдайдың тиімділігін атап өтті. Шетелдік компания Түркістан облысында күркетауық фермасын, ет комбинатын ашуға дайын. Сондай-ақ карп балығын өсіру бойынша жаңа жобалар ұсынды. Өнім жергілікті және Еуропа нарығына шығады.
📌 – Біздің мақсатымыз – Түркістан облысын өндірісі дамыған аймаққа айналдыру, Түркістан өңірі – бизнес жүргізу үшін тиімді орта. Өңірде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм және өзге де салаларда әлеует жоғары. Инвестициялық мүмкіндігіміз өте жоғары. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнеске ең қолайлы аймақ. Облыста арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар бар. Онда кәсіпкерлердің жобаларын қабылдауға мүмкіндік мол. Инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі. Қазығұрт пен Сайрам ауданында бизнес бастауға болады. Ол үшін мемлекет тарапынан жан — жақты қолдау көрсетіледі. Біз өздеріңізбен инвестиция саласында жемісті ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт артамыз. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
⚜️ Өңір басшысы облыстың инвестициялық әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын, жаңа кәсіпорындар ашу басым бағыт болып қала беретінін айтып, кездесулердегі ұсыныстар жан-жақты қаралатынын жеткізді.