Мен жұбайымнан не қалаймын?

1)Жұбайымың бей-берекет бөгде ерлермен араласпағанын, егер қажеттілік бола қалған жағдайда орнымен сөйлеп, шектен шықпағанын;

2) Жұбайымның өзінің сырт келбетіне көңіл бөлгенін және үнемі таза әрі әдемі болып жүргенін;

3) Өзіме керек екенін сездіргенін;

4) Дөрекі сөйлемей, мені құрметтеп, сыпайы қарым-қатынас жасағанын;

5) Рухани қолдау көрсеткенін және өзіме сенгенін;

6) Өзімнің құпияларым  мен кемшіліктерім  туралы ешкімге, тіпті жақын туысқандарға да айтпағанын;

7) Мені сыйламай, өзге ерлердің артықшылықтары туралы айтпағанын;

8) Жұмыстан келгенде күлімдеп қарсы алып, жағдайымды жасағанын;

9) Ата-анамды  құрметтегенін;

10) Кішігірім кемшіліктеріме назар аудармай, кешірімді болғанын;

11) Балалардың көзінше ұрыс-керіс шығармағанын;

12) Отбасылық құпияны өзгелерге айтып, мені жамандамағанын;

13) Орынсыз қызғанбағанын;

14) Балаларға білім мен дұрыс тәрбие бергенін;

15) Өсек-аяңға, күмәнға себеп болатын әңгімелерден, артық ауыз сөздерден аулақ болғанын қалаймын.