Бала өмірге келгенде жасалатын түрлі конфессияларға тән салт-дәстүрлердің ерекшеліктері қандай?
Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Қанша ұлт болса сонша тіл, сонша салт-дәстүр бар. Мәселен, Қазақстан көпұлтты мемлекет.
Мұнда өмір сүріп жатқан түрлі конфессиялардың ұлттық әдеп-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін өзге этнос өкілдеріне жіті таныс. Татулық пен бірлікті ту еткен этностар мәдени құндылықтарын құрметтейді. Десе де әр халықтың ерекшелікке толы салт-дәстүрлері жетерлік.
Айталық қазақ халқы ежелден-ақ баланың өмірге келуіне ерекше дайындық жүргізген. Ал сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап әрбір отбасы ән айтып, бойындағы қуанышымен бөлісуге асыққан. Тіпті бірінші киген көйлегі, алғашқы басқан қадамы, бесікке алғаш бөленген сәттерінің бәрі ең маңызды оқиға деп қараған. Тамаша кезеңді есте сақтап қалу үшін, қазіргі көпшілікке жат, мүмкін қызықсыз думан құра білген. Сондықтан болар, баланың ержету барысындағы алуан түрлі дәстүрлерді ұйымдастыру салтқа айналған. Ал теолог Мұстафа Айдарханұлы кез-келген конфессияда салт-дәстүр дін ұстанымдарымен тікелей байланысты дейді.
Расында елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста араласып, бірлікте өмір сүруінен бір-біріне ұқсап кеткен дәстүрлерін, салтын да кездестіруге болады. Мұны Тараз қалалық «Әулие Успен» соборының протоиерейі Георгий Власенкода растайды. Ол православ христиандарында бала туғанда жасалатын дәстүр туралы былай дейді:
Баланы шоқындыру православ христиандарында аса маңызды. Бірақ қазіргі қоғамда адамдардың қөзқарастары мен діни ұстанымдары көптеген дәстүрлердің орындалмай немесе бастапқы формасын жоғалтуына сеп болуда. Мәселен, Тараз қаласының тұрғыны Елена Карпова атеистік көзқарастағы азамат. Оның айтуынша, ол балаларын шоқындырмаған.
— Бізде балаға 40 күн толғанда әдеп ғұрып бар. Ол баланы шоқындыру. Бірақ қазір ол әдеп-ғұрып емес,дәстүрге айналған секілді. Бірақ менің балаларымның жартысы шоқынбаған. Өйткені мен атеистік көзқарастағы адаммын. Балаларым өскенде сол нәрсені жасағысы келме мен қарсы емеспін. Мәселен, мені анам дүниеге келген соң шоқындырған.
Ал Жазира Мұратбекова ұлттық салт-дәстүр қашанда сақталуы керек деген пікірде. Оның айтуынша қазақ халқында бар әдеп-ғұрып, салт пен дәстүр шариғатпен байланысты. Әсіресе бала дүниеге келген сәтте жасалатын дәстүрлердің өзіндік мән-мазмұны бар.
— Біздің қазақ халқы дәстүрге берік халық. Оны көзбен көріп жүрміз. Бәрін ұстанамыз. Бірақ заманауи көзқарастағы азаматтар да бар. Олар енді өздері біледі. Бірақ біздің дәстүріміз өмірге келгеннен дүниеден өткенге дейін бәрі қамтылған. Әсіресе бала туылғанда бізде ерекше қарайды.
Жалпы әр халықтың бала өмірге келгенде жасалатын дәстүрлері ұқсас екенін аңғаруға болады. Мәселен, сәби туылғанда ол үшін алдымен құлшылық жасалады. Кәріс халқында да дәл осылай. Ең алғашқы ірі думан баланың дүниеге келгеніне 100 күн толғанда атап өтіледі. «Пэк иль» сөзі корей тілінен аударғанда 100 күн деген мағына береді. Бұл күн кең көлемде тойланбаса да, баланың осы уақыт ішінде шетінеп кетпегеніне шүкіршілік айтып, жақын туыстары қуанады. Балаға қатысты тағы бір дәстүр туралы Жамбыл облыстық ҚХА Журналистер клубының төрағасыМихаил Те баяндап берді.
Әр халықтың салт-дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасты. Бірақ бүгінгі күні заманның ағымына қарай өзгеріске ұшырағандары немесе мүлде тойланбайтыны да бар. Десе де Жамбыл облысында әр этнос өкілдерінің ұлттық мерекелері мен салт-дәстүрлерін сақтап қалуға жағдай жасалған. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен конфессия өкілдерінің әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерінде ерекшелік болғанымен түпкі мәні бір. Бр ғана мысал, бала өмірге келгенде жасалатын дәстүрлерді айтуға болады.