ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРИЖДЕН 2 МЕДАЛЬ АЛЫП КЕЛДІ
Франция астанасы Париж қаласында WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын «Karate 1 Premier league» сайысы өтті.
Шеберлер турнирінде Қазақстан құрама командасы 3 қола жүдеге қол жеткізді. Оның екеуін Түркістан облысының өрендері еншіледі. Атап айтсақ, Абылай Толтай +84 келіде қола жүлде еншілесе, 55 келіде сынға түскен Гүлмира Үсенова да үшінші орынға ие болды.
Түркістан облысының баспасөз қызметі