МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАРАТУШЫ ОПЕРАТОРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығының ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау тәртібіне сәйкес, 23.01.2024 жылы әлеуметтік желілерге хабарландыру жасалды. Облысқа бөлінетін көлемді таратуға ниетті операторлар тарапынан тиісті құжаттар топтамасын тапсыру ағымдағы жылдың 23-29 қаңтары аралығында жүргізіліп, нәтижесінде 8 әлеуетті таратушы оператор құжатары қабылданды. Комиссия отырысы 2024 жылғы 30 қаңтар күні өткізіліп, бағалау қағазының қорытындысына сәйкес, 2024 жылғы дала жұмыстарына мемлекет тарапынан бөлінген дизель отынын таратушы операторлар келесідей тәртіппен бекітілді:
1. Байзақ ауданы бойынша — «Тараз VIP сервис» ЖШС;
2. Жамбыл ауданы бойынша – «SAMOIL» ЖШС;
3. Жуалы ауданы бойынша — «Ақ қайың» ЖШС;
4. Қордай ауданы бойынша – «WeDo Energy» ЖШС;
5. Меркі ауданы бойынша — «WeDo Energy» ЖШС;
6. Мойынқұм ауданы бойынша — ЖК «Есенхожаев Маделхан Муслимұлы»;
7. Т.Рысқұлов ауданы бойынша — «WeDo Energy» ЖШС;
8. Сарысу ауданы бойынша — ЖК «Сарыпбекова Мария Кумисбековна»;
9. Талас ауданы бойынша — ЖК «Сарыпбекова Мария Кумисбековна»;
10. Шу ауданы бойынша — «Шу мұнай өнімдері» ЖШС.
Облысымыздағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны көптігіне және сәйкесінше көлемі жағынан майда болуына байланысты әр ауданға жеке таратушы оператор белгілеу қажет. Өңірлік әлеуетті операторларды анықтау кезінде осы мәселені баса назар аударылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы