СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында «AMANAT» партиясының облыстық филиалында Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібектің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті.
Басқосуда Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасының сақталуы, сондай-ақ «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырыстарының 2024 жылға арналған жоспарын бекіту туралы талқыланды.
Жиынға, жер қатынастары басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік Кеңес төрағасы мен мүшелері және партия филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы қатысты.
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасы