ТӨЛЕБИДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТУРИЗМ САЛАСЫНДА 10 ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТУРИЗМ САЛАСЫНДА 10 ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Төлеби ауданында туристік сервистік қызмет жақсарып, демалушылар саны артты. «Тау самалы» шаңғы базасына, демалыс аймағына 2023 жылдың 1 желтоқсанынан осы күнге дейін 4500-ден астам турист келген. Жалпы, аудан аумағында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны – 140. Өткен жылы бұл саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 3 млрд. 529,6 млн. теңгені құрап, жыл көлемінде 8 ірі демалыс аймағы іске қосылды.
Возможно, это изображение горнолыжный склон и Арктика
Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, демалыс аймақтары, қонақүй мен спорт кешені, оңалту-сауықтыру орталықтары бар. Нәтижесінде, келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі