ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҰЛЫ ІС

Жазушы Болатбек Төлепберген 50 жаста
Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст
Сарысу өңірі тарихы терең, өнер қонған киелі өлке. Бұл өлкеден талай өнер иелері мен белгілі қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан. Солардың бірі — Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген.
Жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, алаштанушы ғалым, жазушы, «Шалқар» радиосының бас редакторы Төлепберген Көрпебайұлы Болатбек 50 жасқа толды.Возможно, это изображение 11 человек и цветок
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Болатбек Көрпебайұлының 50 жас мерейтойына арналған «Ұлтқа қызмет ету – ұлы іс!» атты тұлғатану кеші өтті.
Аталған шараға аудандық ардагерлер кеңесі және аудандық алқа билер кеңесінің мүшесі М. Мизенбаев, Болатбектің туысқандары Г. Төлепбергенова, Қ.Төлепберген, А. Құсайынова, сыныптасы Ж. Смағұлов, айтыскер ақын Т. Құсайынов, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.
Кешті аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Марқаш Мизенбаев құттықтау сөзбен ашты. Кітапхана қызметкерлері «Журналист -қоғамның тамыршысы», «Болатбек Төлепберген – публицист», «Алаштанушы- ғалым» тақырыптарына кеңінен тоқталды.Возможно, это изображение 8 человек, больница и текст
Айтыскер ақын Талғат Құсайынов мерейтойға орай арнау арнаса, Жамбыл облыстық » Ar-Ai» газетінің бас редакторы, жерлесіміз Тұрсынбек Сұлтанбек видео құттықтауын жолдады.
Кеш қонақтары, Болатбек Төлепбергеннің туысқандары сөз алып, жылы лебіздерін білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Болатбектің сыныптасы, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов құттықтау сөз сөйлеп, бала күнгі естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында кітапхана саласының ардагері Светлана Қожаназарова жетекшілік ететін аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, аналардан құралған «Асыл аналар» ансамблі халық әндерін шырқаса, аудандық мәдениет және кітапхана үйінің қызметкерлері әндер орындап, өлеңдер оқыды.
Іс-шараны аудандық кітапханалар жүйесінің директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова қорытындылап, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.
Кештің соңында «Алаш сөзін ардақтаған азамат» атты Болтабек Төлепбергеннің шығармашылығына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.