ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Арыс қаласында қаласында мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, кәсібін ашып отқан кәсіпкерлер саны артып келеді. Арыстық кәсіпкер Амангелді Оразов – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп отыр.
Ол өткен жылы мемлекеттен 1 380 000 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Берілген қаржыға шаштараз ыңғайластырылған қажет құрал мен өзге де керек-жарақты түгендеген.
– Бұл салада 12 жылдық тәжірибем бар. Бірақ өзімнің жеке ғимаратым болмады, орынды жалға алып жұмыс жасадым. Өткен жылы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, өзімнің жеке шаштаразымды аштым. Енді шаштаразды ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отырмын, себебі бұрыннан өз клиенттерім көп, жалғыз үлгермей қаламын, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде кәсіп иесінің алға қойған жоспары көп. Халыққа қызмет көрсету үшін кәсібінің аясын кеңейтіп, болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды көздейді. Ісі жөнге қойып, кәсібін іргерілетумен қоса жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтымақ. Егер талапты да талантты жастар аталған өнеріне қызықса, бірге кәсіп жүргізіп, шаштараз өнерін меңгертуге құлықты.
Айта кетейік, өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қала көлемінде 65 азамат қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсібін бастаған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі