Келесов: Биыл 1008 азаматқа қайтарымсыз грант беріледі\

Облыстық әлеуметтік оңалту орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен кеңес отырысы өтіп, онда облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2024 жылға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасады.Возможно, это изображение 3 человека, осветительное оборудование, помост и текст
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Еркін Егембердіұлы 2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60622 адамды тарту жоспарланса, оның 31746-ы тұрақты жұмыс орындары екенін алға тартты.
2024 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарымен 9075 адамды қамтып, 1008 адамға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру жоспарланғанан атап өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы