«Жыр алыбы Жамбылым» аудандық байқауы
Бүгін Талас ауданының білім бөлімі және Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, аудандық суырып салма жас ақындарды анықтау мақсатында «Жыр алыбы Жамбылым» атты оқушылар арасында айтыс өткізілді.
Айтысқа аудандағы 35 білім мекемесінен 4 мектептің жас ақындары сынға түсті.
Дарынды оқушылардың өнеріне баға беру үшін халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері, «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Досалы Есет Жаңабайұлы, Талас ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері, қосымша білім беру мекемелерінің кураторы Сағынбекова Сауле Жақсылыққызы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Бескемпирова Айгүл Шаймерденқызы қазылық жасады.
Айтыстың қорытындысы бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның оқушысы А.Сейдакбарова –«Бас жүлдені», Б. Тоқтықожаұлы атындағы орта мектептің оқушысы Н.Боранбай – І орынды иеленіп жеңімпаз атанды.
Облыстық айтысқа жолдама алған оқушыларымызғы сәттілік тілейміз.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы