Қалалық жарыс өтті
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе.
Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейтуді атап өтті.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың алдын алуда мектептің маңызы зор.
Осы мақсатта Талас ауданында «Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы және этносаралық келісім» аясында 9-11 сынып оқушылары арасындағы бірнеше спорт түрінен (волейбол, баскетбол, футбол) қалалық жарыс өтті.
Жарысқа қала және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.
А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында өткен жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы