Азаматтарды жеке қабылдау
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек, ауылдан оқыту орталығын ашуға қолдау көрсету және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.